Кір жуғыш машинаны іске қосу үшін иттер арнайы басқышты басып, бауды тартуы қажет. Содан кейін қаттылап бір арсылдаса болды. Тұрмыстық техника мүгедек қожайындарына көмектесетін иттер үшін ойластырылған. Әдетте иттер кірді машинаға салуды ғана білгенімен, ары қарай ештеңе істей алмайтын. Енді олар кірді салғаннан кейін не істеу керектігін дағдыға айналдыратын болды, деп жазады alashainasy.kz.
09:29, 29 Қараша 2013
Иттің үрген дауысынан іске қосылатын кір жуғыш машина жасап шығарылды
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда иттің үргенінен жұмыс істейтін кір жуғыш машина жасап шығарылды. Өндіруші - JTM Service компаниясы өкілдерінің мәліметінше, бұл тұрмыстық техника, негізінен, мүгедек қожайындарға арналған.