Көршінің иті үшін үш адам - қызметтегі полицей, көрші үйде тұрған полицей мен оның ұлы қаза тапты. Олар атысты естігенде көмекке келіп, өздері құрбан болды. Атыстан кейін тағы бір адам зардап шекті, деп хабарланды,
Болжам бойынша 77 жастағы ер адам адамдарды атып тастағаннан соң өз-өзіне қол жұмсамаққа әрекеттенген. Оны полиция ұстап, ауруханаға жөнелтті. Оқиғаның мән-жайын анықтағанда бұл атысқа көрші итінің тоқтаусыз үргені себеп болғаны анықталды.