«IV Әйел денсаулығы Олимпиадасы кубогын» Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті еншіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен «IV Әйел денсаулығы Олимпиадасының» гран-при жүлдесін осымен екінші жыл қатарынан Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті еншіледі.

Дүбірлі додада дәстүрлі 1,2,3 орындардан басқа «Үздік дебют», «Үздік жанкүйерлер командасы» аталымдары қарастырылған болатын. Бұл жүлдеге Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің командасы лайық теп танылды. Спорттық сайысқа 20-ға жуық оқу орнының қыздар командасы қатысты. 6 апта бойы бойжеткендер волейбол, баскетбол, футбол, боулинг, құзға өрмелеу, армреслинг, би, ұлттық ойындар бойынша бақ сынасты.