IV «Жас Барыс» турнирінде 260 палуан бақ сынасады
Биылғы «жас барыстар» Орал қаласындағы «Арман» спорт кешенінде белгілі болмақ, деп хабарлайды "Қазақстан барысы".
«Жас Барысқа» қатысушылар жас шамасына қарай мынадай топтарда күреседі: - балалар (2000-2001 ж.т., 14-15 жас) - жасөспірімдер (1998-1999 ж.т., 16-17 жас) - жастар (1996-1997 ж.т., 18-19 жас).
Бұл республикалық турнир IV кезең бойынша өтеді. Яғни, қатысушылар әуелі І-ІІ кезеңде ауылдық елді мекендер мен аудандық іріктеуден (2015 жылдың 15-30 қыркүйегі арасында) өтуі тиіс. ІІІ кезеңде - облыстық (қалалық) іріктеу жарыстарында сынға түссе (2015 жылдың 1-31 қазан аралығында), ІV кезеңде үздік шыққандар турнирдің финалына жолдама алады (4-7 қараша күндері).
Шарт бойынша палуандар жас шамасына қарай мынадай салмақта кілемге шығады:
14-15 жастағы балалар: 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, + 73 келі салмақ дәрежелері; 16-17 жастары жасөспірімдер: 46, 51, 57, 64, 72, 81, +81 келі салмақ дәрежелері; 18-19 жастағы жастар: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелері.
Турнирдің жүлдегерлеріне Спорт және дене шынықтыру істері комитеті тарапынан планшет, фотоаппарат, смартфон, диплом және медальдар тапсырылады.