Иван Дычко - ӘЧ финалына шыққан алтыншы қазақстандық боксшы!

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Иван Дычко Германия боксшысы Эрик Пфайфермен қолғап түйістірді, деп хабарлайды sports.kz.

Иван қарсыласына қарағанда дәлірек соққылар жасап, нәтижесінде сенімді жеңіске жетті - 3:0.

Бұған дейін Біржан Жақыпов (49 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ақтық сынға шыққан болса, Қайрат Ералиев (56 кг) пен Берік Әбдірахманов (60 кг) қола жүлде иегерлері атанған болатын.