Иван Дычко Әлем чемпионатындағы қоласын күміске жаңартты

АЛМАТЫ. 26 қазан. ҚазАқпарат - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен Әлем чемпионатының ақтық сынында аса ауыр салмақтағы Иван Дычко ел қоржынына екінші күміс медальды салды.

Ол әзірбайжандық Могамедрасул Меджидовті алғашқы 2 раунда 20:18 есебімен жеңіп тұрып, 3-раунда қарсыласының бір соққысынан кейін нокаутпен жеңілді. Бұған дейін Магомедрасул жартылай финалда италиялық Роберто Каммареллені, Иван германиялық Эрик Пфейферді жеңген болатын.