Дычко таразыда – 238,9 фунт (108,36 келі), Эспиндола 255,07 фунт (115,69 келі) көрсетті. Кездесу 24 маусым күні таңертең Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтеді.
Иван Дычко мұның алдында рингке желтоқсан айында шықты. Ол бірінші раундта ресейлік Александр Устиновты (36-6-1, 27 КО) нокаутқа түсірген еді.
Кевин Эспиндолаға келсек, биылғы жылдың сәуір айында ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен өз отандасы Науэль Паласиосты (1-7, 0 КО) ұтқан болатын.