Иван Дычко болашақтағы жоспарлары туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық супер ауыр салмақ боксшысы Иван Дычко (6-0, 6 КО) болашақтағы үлкен жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Әуесқой бокста жұдырық түйістірген қарсыластарыммен дивизионның шыңында тағы да кездескім келеді. Әлем чемпионы титулдарын біріктіріп, Энтони Джошуа, Деонтей Уайлдер және басқа да әуесқой рингте кездескен қарсыластарыммен жекпе-жек өткізгім келеді. Маған тағы бір жылдай дайындық қажет, сонан соң әлемнің үздіктерімен кездесуге дайын боламын», - дейді Дычко.

Боксшының келесі жекпе-жегі бүгін Холливудта (Флорида) өтеді. Оған америкалық Морис Харрис (26-21-3, 11 КО) қарсылас болады.