Иван Дычко BoxRec рейтингінде 40 орынға жоғарылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко (2-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Тампадағы (Флорида штаты, АҚШ) A La Carte аренасында өткен бокс кешінде ол америкалық дебютант Родригес Кейджті (0-1) үшінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Осы жеңісі Дычкоға беделді BoxRec.com сайтының ауыр салмақтағы боксшылар ретингінде 40 орынға көтерілуіне мүмкіндік берді, қазір ол 641-орынды иеленіп тұр.