Иван Дычко BoxRec рейтингінде бірден 269 орынға жоғарылады
21:19, 10 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Иван Дычко (3-0, 3 КО) BoxRec.com беделді сайттың рейтингінде үлкен серпіліс жасады, деп хабарлайды Sports.kz .
Супер ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшылар арасында ол 653-інші орыннан 384-ке көтерілді.
Еске салайық, Хайалиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кеші аясында Дычко бірінші раундта мексикалық Карлос Сандовалды (10-15-1, 6 КО) нокаутқа жіберген болатын.