АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиадаларында қатарынан екі дүркін қола жүлдегер атанған Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасын өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дычко жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Оны бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та растады. Ол жақында БАҚ өкілдеріне өзінің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі жуық арада өтіп қалуы мүмкін екенін жариялаған болатын
Қазір Дычко Данияр Елеусінов жұмыс істейтін «MJA Entertainment» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасып, жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.