Иван Дычоның қарсыласы болып 32 жастағы америкалық Майкл Маррон (21-8, 15 КО) белгіленді. Жекпе-жек 16 маусымда Сент-Питерсбергте (АҚШ, Флорида штаты) өтеді.
Марроне өз карьерасында 18-0 рекордына қол жеткізген, сондай-ақ ол кезінде әлемнің бұрынғы чемпионы Шэннон Бриггспен рингте кездескенімен де мақтана алады.
Еске сала кетейік, Дычко Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel аренасында 24 наурызда өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық боксшы Стивен Кирнонды бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.