Дычконың салмағы 108,5 килограмм болды. Оның қарсыласы, америкалық Майкл Марроне біздің боксшыдан ауыр болып шықты - 113,04 килограмм. 17 маусым күні таңертең (Астана уақытымен) Сент-Питерсбер қаласында (Флорида штаты, АҚШ) боксшылар ауыр салмақ санатында 8 раундтық жекпе-жек өткізеді.
Қазақстандық былғары қолғап шебері бұған дейін кәсіпқой бокстағы бес кездесуінің бесеуін де нокаутпен аяқтаған болса, Марроне 21 қарсыласын жеңіп (16 нокаут), сегіз рет жеңіліске ұшыраған.