Ташкенттегі ширек финал рингісінде қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы финалда өзбектің ұлттық командасының нөмірі бірінші боксшысы, бірқатар ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы Мирзохиджон Абдуллаевпен қолғап түйістіріп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Иван Дычконың Алматыдағы әлем чемпионатынан кейін рингке оралуы ойдағыдай өтті. Бүгін 91 келіден астам салмақ санатындағы қазақстандық құраманың көшбасшысы өзінің наградаларына тағы бір «алтын» қосты.
Еске сала кетейік, Ташкентте біздің құрама аға жаттықтырушы Нұрлан Сафиуллиннің басшылығымен бес салмақ санатында сынға түсті. Дычкодан басқа Джаксон мемориалына Закир Сафиуллин (60 келі), Алмасбек Орынғалиев (69 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі), Нұрдәулет Жарманов (81 келі) қатысты. Бұл турнирде Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Әзербайжаннан, Ресейден, Ираннан, Түркиядан, Қырғызстаннан, Қытайдан және Түрікменстаннан барлығы 150-ден астам боксшы сынға түсті.