BoxRec.com сайтының ақпаратына сүйенсек, ол - 29 жастағы АҚШ боксшысы Стивен Кирнон (2-0, 1 КО). Жекпе-жек 23 наурыз күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) бокс кешінің аясында өтеді.
Бұған дейін белгілі болғандай, Иван Дычко Сергей Ковалевтің бұрынғы жаттықтырушысы Сантос Росариомен серіктестікті тоқтатып, жаңа бапкер Рик Мандриспен жаттығып жүр.