АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычконың (2-0, 2 КО) менеджері Зия Алиев былғары қолғап шеберінің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Sports.kz.
Дычко келесі кездесуін 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) USF Sun Dome аренасында өткізеді. Одан бөлек, қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы 8 немесе 9 желтоқсанда да кездесуге шығуы мүмкін. Бірақ, ол 1 желтоқсандағы кездесудің қалай өтетініне байланысты болады.
Еске сала кетейік, 13 қазанда өткен соңғы кездесуінде Дычко үшінші раунда америкалық Родригес Кейдті (0-1) тізе бүктірген еді.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.