АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ядро лақтырудан қазақстандық Иван Иванов қола алды.
Құрлықтық додада алғашқы екі орынды Қытай спортшылары өзара бөлісті.
Сары құрлық бәсекесіне 17 елден 121 қатысушы бақ сынап жатыр. Жарыс 22 тамызда аяқталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медаль алды.
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Ел құрамасынан Нора Джеруто (3 000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5 000 метр) екі алтын алса, одан кейін Дейзи Джепкемей (10 000 метр) чемпиондық тұғырға көтерілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.