Кездесу барысында елордалық клуб сапында жаңадан қосылған хоккейшілер шықты. Олардың қатарында АҚШ-тан келген Майкл Веккьоне бар. Тәжірибелі ойыншы өзінің алғашқы кездесуінде мергендік танытып үлгерді. Ол ойынның 11-минутында көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Оған дейін ресейлік клубтан Прохор Корбит 10-минутта есеп ашқан еді.
Ал «Барыс» сапынан Әлихан Әсетов 21, 31-минутта басымдықты арттырса, одан кейін ресейлік командадан Данил Аляхин 34, Александер Хмелевски 50-минутта таразы басын теңестірді.
Ойын 3:3 есебімен тең аяқталып, овертаймда елордалық клубтан Дінмұхамед Қайыржан жеңіс шайбасын соғып кетті.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен қапы қалдырып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазірге дейін астаналық команда аталған турнирде Ресейдің «Магнитка» командасына 1:2 есебімен жол берді.
Елордалық хоккейшілер үшінші ойында 29 тамызда 19:00–де «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.
Қазақстандық клуб жаңа маусымда алғашқы үш ойында елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.