АСТАНА. KAZINFORM — Елордалық «Барыс» бүгін шайбалы хоккейден маусым алдындағы дәстүрлі Иван Ромазан мемориалына үшінші ойынын Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында реесйлік клуб сапынан Роман Канцеров 26-минутта есеп ашса, 34-минутта Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестірді.
Ал реесйлік клуб сапынан Дмитрий Силантьев соққан шайба «Металлургке» жеңіс алып келді.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасын 4:3 есебімен қапы қалдырып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ астаналық команда аталған турнирде Ресейдің «Магнитка» командасына 1:2 есебімен жол берді.
Қазақстандық клуб жаңа маусымда алғашқы үш ойында елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.