Иван Ургант «Большая разница» бағдарламасынан кетті
07:39, 15 Қазан 2012
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Иван Ургант өзінің сұхбаттарының бірінде осы уақытқа дейін Александр Цекаломен жүргізіп келген «Большая разница» әзіл-сықақ бағдарламасынан кету шешімі туралы мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, шоу-мен өзінің «Вечерний Ургант» атты жеке бағдарламасына көп уақыт жұмсайды. Онымен қоса ол «Смак» аспаздық бағдарламасының жүргізушісі болып табылады, деп хабарлайды mail ru.
«Прожекторперисхилтон» менің кінәммен жабылған жоқ. Мен «Большая разницаға» қатысудан бас тарттым. Ал «Смакпен» проблема жоқ», - деп жазады Урганттың сөздерін «Дни.ру» «Комсолмольская правда» газетінің сайтына сілтеме жасап. Шоу жүргізушісі өз бағдарламасына жабылып қалған «Прожекторперисхилтон» шоуындағы әріптестері Гарик Мартиросян, Александр Цекало және Сергей Светлаковты қуана шақырғысы келетіндігін атап өтті.