ІВМ-ның сервистік корпусы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруды бастады

АЛМАТЫ. 8 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда ІВМ корпорациясының сервистік корпусы Қазақстандағы алғашқы сапарының нәтижелерін жариялады.

Маусым айының басында АҚШ, Бразилия, Жапония, Сингапур, Үндістан сияқты елдерден келген 13 қызметкер 4 апта бойы қаладағы 5 ұйымның жұмыстарын зерттеген болатын. Соның қорытындысы бойынша Алматының әкімшілік тиімділігі мен тартымдылығын арттыруға бағытталған бағдарламаларды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеген.

Сервистік жобалар аясында ІВМ Қызмет корпусының мүшелері Алматы қаласы әкімдігінің Ақпарат және талдау орталығымен бірлесіп билік пен қоғамның электрондық өзара әрекеттесуін дамытудың стратегияларын әзірлеу, "Казнекс Инвест" агенттігінің қызметтерін дамыту бойынша интернет маркетинг стратегисы және тағы басқа міндеттерді шешкен.

Қазақстандағы ІВМ өкілдігінің басшысы Адам Досымов бұл сервистік корпустың көмегі үлкен маңызға ие екендігін айтады. "Басқа елдердегі осындай жобалардың жүзеге асырылу тәжірибесі ескеріле отырып, барлық топ мүшелері көп кезеңдік іріктеуден және ІВМ ішінде арнайы оқытудан өтті. ІВМ-нің Ресейдегі сервистік корпусының жұмысы ІВМ-нің жаһандық бастамасының бөлігі болып табылады, оның шеңберінде 2008 жылдың ортасынан бастап ІВМ сервистік корпусының 100 миссиясы Үндістан, Қытай, Бразилия, Румыния және тағы басқа әлемнің 50 мемлекетіндегі қоғамдық ұйымдарға көмек көрсетті", - деп атап өтті А. Досымов.

Жалпы Алматы қаласындағы жобалармен жұмыс жүргізу 2011 жылдың маусым айының 1-30 аралығында жалғасты.