Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ЕО жоғарғы өкілінің баспасөз қызметінен мәлім етіп, бірлескен мәлімдеменің мәтінін ұсынды. ҚазАқпарат аталған құжаттың мәтінін жариялайды.
***
Біз барлық діндерге үлкен құрметке ортақтасамыз. Біз діни бостандық пен төзімділіктің маңыздылығы іргелі екендігі туралы сенімімізде ортақпыз. Біз өшпенділік пен зорлық-зомбылыққа азғыратын діни өшпенділікті насихаттаудың кез келген түрін айыптаймыз. Пікір білдіру бостандығын толығымен мойындай отырып, қандай дінге жатпасын, барлық пайғамбарларды құрметтеудің маңыздылығына сенімдіміз.
Мұсылмандар туралы фильмнің шығарылуымен, оның Интернетте орналастырылуымен және өзге де осы сынды іс-әрекеттер исламды қорлайды. Олар, діндер араңдатудың, майдандасу мен экстремизмнің көзі ретінде қолданылмауы тиіс деген адамдар мен қауымдардың пікірлерімен ұқсас.
Біз өшпенділік пен төзімсіздік хабарларының кез келгенін айыптаймыз.
Біз, аз топтағы адамдардың тәртібі анағұрлым үлкен қауымдардың позициясы бола алмайтынын білеміз, бірақ олар келтіруі мүмкін салдар едәуір болуы мүмкін. Соңғы оқиғалар халықтарымыз, қауымдарымыз бен мемлекеттеріміз арасында біз ұзақ жылдар бойы қалыптастырған сенім мен құрмет қатынастарын бұзбағандығына кепілдік беруіміз тиіс.
Біз адамдардың өліміне алып келген, жақында дипломатиялық миссияларға жасалған шабуылды айыптаймыз. Біздің қоғамда зорлық-зомбылыққа орын болмауы тиіс, ал тіл тигізетін пікірлер озбырлықты іс-әрекеттермен қанағаттандырылмайды, себебі ол, барлығымызды зардап шектіретін зұлымдық шиыршығын құруы мүмкін. Ақыл-ой қаһарлықтан үстем болуы тиіс. Сондықтан бүгін біз, ол қай жерден шықпасын, озбырлықты тоқтатуға шақырамыз. Біз бейбітшілік пен сабырлыққа шақырамыз.
Біз қосымша шараларды қабылдау және дінге төзімділік пен жаппай құрмет көрсетуде халықаралық бітімге келу, соның ішінде БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі 16/18 қарары негізінде жұмыс істеу қажеттігі туралы бекемді ұстанымдарымызды мәлімдейміз. Сонымен қатар, барлық көшбасшыларды мейлі олар саяси, зиялы немесе діни болсын, диалог пен өзаратүсіністікке қолғабыс етуге шақырамыз. Және біз түрлі өңірлер мен діндерде бізді біріктіретін дүниелер бізді ажырататын дүниелерден анағұрлым жоғары екендігін көрсету үшін барлық шараларды қолға алуды жалғастыратын боламыз.
Төзімсіздік пен надандық қараңғылығына жалғыз жауап өзаратүсіністік, төзімділік пен диалог болып табылады.