ИЫҰ мүшелері исламды жеккөрушілікке қарсы тұру жайлы баршаға мәлімдеуі тиіс - Ерлан Ыдырысов

КОНАКРИ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - ИЫҰ мүшелері исламды жеккөрушілікке қарсы тұру жайлы, әсіресе БҰҰ мінбесінен, баршаға мәлімдеуі тиіс деп атап өтті ИЫҰ СІМК 40-шы сессиясында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

"Біз әрқашанда ИЫҰ бірауыздан бүкіл ислам халқының сөзін сөйлейтін ұйым деп есептеп келдік. Бірақ, бүгінде исламды жеккөрушілік, өкінішке орай, бұған кереғар пікірлер тудыруда. Біз үнқатысуды дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Біз өзіміздің исламды жеккөрушілікті қабылдамайтынымыз туралы баршаға мәлімдеуіміз тиіс. Сондай-ақ, мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болып табылатын ИЫҰ-ға мүше елдерді исламды жеккөрушілік мәселелеріне баса назар аударуға шақырамын", - деді Конакриде баяндамамен сөз сөйлеген қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы.