Жиын Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтеді. ИЫҰ Атқару комитеті деңгейіндегі кездесу Сауд Арабиясының бастамасымен шақырылды.
ИЫҰ Бас хатшысы Хисейн Ибрахим Таха атап өткендей, Атқару комитетінің шұғыл отырысы мүше мемлекеттердің Судандағы оқиғаларға ынтасын және осы елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалпына келтіруге деген қамқорлығын көрсетеді.
Бас хатшы Судандағы атысты тоқтатуға және Судан халқының қауіпсіздігі мен мемлекетті сақтау үшін диалогты пайдалануға шақырды.