Ақпаратты Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратты.
«13 сәуір күні Қостанай қаласындағы пәтерлердің бірінде жертөле қабатынан Есеевтің мүрдесі табылды. Оның денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ. Кісі өлімінің себептері анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Еске салсақ, Қостанай облысының полиция департаменті екі ер адамға іздеу салған болатын.