Із-түссіз жоғалған ресейлік азамат 18 жылдан кейін Қарағандыдан табылды

None
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда ТМД елдерінің «Іздеу» республикалық операциясын жүргізу барысында 18 жыл бойы із-түссіз жоғалған деп саналып келген ер адам табылды,

деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен.

1995 жылдың қаңтарында Ресей Федерациясы Красноярск қаласы бойынша ІІМ бас басқармасына жергілікті тұрғындар хабарласып, із-түссіз жоғалып кеткен туыстарын іздеу жөнінде арыз берген. Жоғалған адам Қарағандыда ағымдағы жылдың 15 қазанында табылды.

Белгілі болғандай, 44 жастағы ер адам оған туыстары іздеу жариялағанынан мүлдем хабарсыз болып шықты.