Із-түзсіз жоғалған қостанайлықтың мәйіті табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 27 қаңтар күні жоғалып кеткен Лисаков қаласының тұрғыны Игорь Василенконың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Игорь Василенко 27 қаңтар күні Лисаков қаласындағы үйінен шығып кетіп, оралмаған. Туыстарының айтуынша, ол Горняцкий селосындағы досына бармақ болған көрінеді.

«7 ақпан күні Игорь Василенконың мәйіті табылды. «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыс құрамының белгілері анықталып, іс сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінді ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, Игорь Василенконы Қостанай және Рудный қалаларының төңірегінен іздеу үшін еріктілер тобы құрылған болатын.