«Іздестіру» шарасы барысында екі жыл бұрын адам өмірін қиған күдікті құрықталды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің деректеріне сәйкес республикалық «Іздестіру» шарасы барысында екі жыл бұрын болған адам өліміне қатысты қылмыс ашылып, күдікті құрықталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2008 жылы Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылында 1979 жылғы азаматты жергілікті үш тұрғын өлтіріп кеткендігі жайында суыт хабар ішкі істер бөліміне жетісімен, іздестіру шаралары қолға алынған. Қылмыстың ізі суымай екі күдікті қолға түсіп, бірақ ұйымдастырушысы жасырынып үлгерген болатын. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары Степногор қаласы аумағындағы Бестөбе кентінде іздестіруде жүрген күдіктіні шахтада қолға түсірген. Осы уақыттан бері жасырын алтын өндірушілер құрамында болған ол қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК-сінің 96-шы бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.