«Іздестіру» жедел алдын алу іс-шараларының екі күндік нәтижелері көңіл көншітеді
17:26, 16 Қыркүйек 2010
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қыркүйек айының 13-18-і аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында кең ауқымды республикалық «Іздестіру» жедел алдын алу іс-шаралары өтіп жатыр,
деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Осы операцияның екі күні ішінде қалалық және аудандық полиция қызметкерлері қылмыс жасағандары үшін іздеуде жүрген 21 қылмыскерді ұсталды. Оның төртеуі өткен жылдардан бері іздеуде жүргендер.
Ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 6 қылмыскер қолға түсті, оның төртеуі -тонау, біреуі адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені және тағы біреуі зорлық жасағаны үшін іздеуде жүргендер.
Мәселен, өткізіліп жатқан жедел алдын алу іс-шаралары кезінде Алматы қалалық Әуезов ІІБ-да адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін іздеуде жүрген азамат Б. Жарма аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен құрықталды.
Жылдың басынан бері 448 қылмыскер ұсталып, 145 хабарсыз кеткен азаматтың орны анықталды.