Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Нұрділдә Ораздың мәліметтерінше, ТМД-ға мүше мемлекеттердің қылмыспен күрес бағдарламасына сәйкес, қазанның 19-21 аралығында «Іздеу» бірлескен операциясы ұйымдастырылды. Оның барысында іздеуде жүрген 339 қылмыскер қолға түсті. Ал республика аумағынан тыс жерлерде, яғни Ресей мен Әзірбайжанда 12 қылмыскер ұсталды. Қазақстанның аумағынан ТМД-ға мүше мемлекеттерге 49 қылмыскер ұстап берілді. Нақтырақ айтқанда Ресейге -36, Өзбекстанға - 9, Қырғызстанға - 3, Түрікменстанға - 1 қылмыскер жіберілді.
17:19, 26 Қазан 2011
«Іздеу» операциясы барысында ТМД аумағында іздеуде жүрген көптеген қылмыскерлер қолға түсті -ІІМ
ТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада республикада бірқатар жедел-сауықтыру шаралары ұйымдастырылды.