Бұл туралы ҚР Қаржы полициясы агенттігінің баспасөз орталығы хабарлады.
Баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, Талғат Қайырбаев ҰҚТ құрып, оған басшылық жасағаны және «Қорғас», «Қалжат» кеден бекеттерінде ұзақ уақыт бойына экономикалық контрабанда жасаумен айналысқаны үшін іздеу жарияланып, қылмыстық қудалаудан қашып жүрген.
Қазіргі уақытта Агенттік Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы Қайырбаевты Қазақстанға экстрадициялау алғышарттарын жүзеге асыруда.