Бүгін Алматыда ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты өткен баспасөз мәслихаты барысында халықаралық бақылаушы, Нидерланды Адвокаттары қауымдастығының мүшесі Роберт Луддинг осылай деді.
Оның айтуынша, Голландияда сайлау науқаны барысында мұншалықты қуанышты сезім байқалмайды.
«Голландия дәстүрлі ескі демократияны ұстанатын ел. Бірақ, бізде көптеген адамдар сайлау учаскелеріне амалдың жоқтығынан баратын сияқты. Олар дауыс беруден жалыққан. Ал Қазақстанда олай емес. Біз бүгін Алматы қаласының оннан астам сайлау учаскелерін аралап, адамдармен тілдестік. Сонда байқағанымыз, адамдар сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беріп жатқанына өте риза, сондай бір бақытты сияқты көрінеді. Барлық сайлау уаскелерінде өте жағымды әуендер естіліп тұр. Ал техникалық тұрғыдан алып қарағанда сайлау барлық нормаларға сай өтіп жатыр. Біздің тараптан ешқандай заң бұзушылық әрекеттер тіркелген жоқ», - деді Р. Луддинг.