ІЖӨ құрылымында ішкі сауда үлесі 14,5 пайызды құрады

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Ішкі жалпы өнім құрылымында ішкі сауда үлесі тұрақты деңгейде және 14,5 пайызды құрап отыр.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде сауда саласында барлығы 1 млн. 200 мыңнан астам адам қамтылған. Бұл халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 15 пайызға жуық деңгейінде.

«Бұл ауыл шаруашылығы саласынан кейінгі екінші орында тұрған көрсеткіш»,-деп түйіндеді министр.