деп хабарлады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.
2012 жылғы 15 қазанда Қаржы полициясы агенттігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Востказнедра» Шығыс Қазақстандық аймақаралық аудандық департаментінің лауазымды тұлғалары мен «Геологиялық барлау компаниясы «Топаз» ЖШС-нің басшылығына қатысты Қазақстан мен Қытайдың шекаралық аумақтарының геологиялық құрылымын кешенді зерттеудің геологиялық және минерагеникалық карталарын жасауға бөлінген 40 млн. теңге бюджет қаражатын 2009-2011 жылдар аралығында ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу барысында аталған қылмысқа Индустрия және минералды ресурстар министрлігі (қазір Индустрия және жаңа технологиялыр министрлігі) Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары М.Сайдуақасовтың қатыстылығы анықталды. Ол 28 қаңтарда ұсталып, оған бюджет қаражатын ұрлау және қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша айып тағылды.
Ақпанда Сайдуақасов сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
12:16, 05 Ақпан 2013
ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды - Қаржы полициясы
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы агенттігі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарын ұстады,