ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы болып Аманияз Ержанов тағайындалды

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағалығы қызметіне Аманияз Қасымұлы Ержановтың кандидатурасын мақұлдады.

Бұл туралы Үкімет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.