ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Измирдегі жарылыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. "Измирдегі жарылыс пен атыс кезінде зардап шеккен қазақстандықтар болмады", - дейді министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Айта кетейік, атыс кезінде полиция қызметкерлері екі қылмыскерді атып тастады. Түркияның әділет министрі Бекир Боздагтың айтуынша, тағы күдікті 18 адам қамауға алынды.
Бұған дейін Измир провинциясының губернаторы Эрол Айилдыз аталған оқиғаға Күрдістанның жұмысшылар партиясы жауапты екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, сот алдында жүрген полиция қызметкерлері бір көлікті тексереміз деген кезде жарылыс болған, оның арты атысқа ұласып кеткен.