Израиль АҚШ-тың ұстанымына қарамастан, Бейрут маңындағы елді мекендерге соққы берді

АСТАНА.KAZINFORM - Израиль авиациясы сәрсенбі күні таңертең Бейруттың оңтүстік маңына соққы берді. Бұл АҚШ-тың Ливан астанасы бойынша Израиль шабуылының ауқымына қарсы мәлімдемесінен кейін орын алды. 

Фото: @arabic_post

«Хезболла» бекінісі деп белгілі Бейруттың Оңтүстік маңындағы Дахие ауданына әуе шабуылы Израиль сәрсенбі күні таңертең эвакуациялау туралы бұйрық бергеннен кейін жасалды. 

Израиль әскери күштері соңғы апталарда Бейруттың Оңтүстік маңына алдын-ала ескертусіз соққы беріп, ауқымды шабуыл жасады.

Израиль сәрсенбі күні Бейруттың оңтүстігіндегі Дахие маңында әуе шабуылын жасағанын растады.

Израиль қорғаныс күштері мәлімдемесінде Израиль әуе күштерінің барлау қызметкерлері басқарған жойғыш ұшақтары «Хезболланың» Дахиедегі жерасты қару қоймасына соққы бергені айтылған. 

Израиль әскерилері шабуылдан бұрын бейбіт тұрғындардың қаза болуын болдырмау, соның ішінде аймақтан эвакуациялауға бұйрық беру үшін шаралар қабылданғанын атап өтеді.

Бұған дейін АҚШ Ливан астанасына жасалған ауқымды шабуылдарға қарсы екенін айтқан болатын.

Израиль өткен аптаның соңынан бері Ливан астанасының оңтүстік маңындағы елді мекендерге соққы жасамады, дегенмен бұған дейін бірнеше апта бойы әр түнде Дахин аймағына соққы жасап, ғимараттарды қиратып, ондаған адамды өлтірді.