Израиль армиясы Ливанның оңтүстігінде 800 метрлік «Хезболла» бункерін тапты
ТЕЛЬ-АВИВ. KAZINFORM – Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде Хезболла қозғалысының Радван арнайы күштерінің штаб-пәтері орналасқан және Израильге басып кіру үшін дайындалған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен мотоциклдер сақталған ұзындығы 800 метрлік жер асты бекінісін тапты. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ТАСС.
— Ливанның оңтүстігінде сарбаздар «Хезболла» ұйымының Радуан күштерінің басқару орталығы орналасқан 800 метрлік жерасты бекінісін тапты. Жер астындағы нысанның ішінен зымырандар, миномет снарядтары, мотоциклдер, ұзақ уақыт бойы тұруға арналған, ішінде ас үй, азық-түлік пен керек-жарақтармен қамтамасыз етілген тұрғын үй-жайларды тапты, — делінген хабарламада.
Израиль әскерилерінің пікірінше, «Хезболла» бұл қару-жарақ бункерін Израильге басып кіру жоспарының бір бөлігі болған».
Израиль армиясының өкілі Даниел Хагари «Хезболла» арнайы күштерінің қарулы радикалдары «бір-екі күн бұрын» бункерде болғанын айтты.
— Олар мотоциклдерді пайдаланып, Кирят Шмонаға, Йифтахқа (Израильдің солтүстігіндегі елді мекендер), Израиль аумағындағы ауылдар мен позицияларға еніп, қырғын жасауды жоспарлаған, – деп қосты ол.
Баспасөз қызметі «бункерге мақсатты рейд кезінде террорлармен кездескенін» атап өтті, олар Израиль әуе күштерінің қолдауымен жойылған.
— Әскерлер аймақта әрекет етуді жалғастырып жатыр және жерасты жолын зерттеуде, — деп қосты ведомство.