Ливанның NNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскери ұшақтары Набатия провинциясына қарасты Бени-Хайян елді мекеніне екі рет соққы жасаған.
Сонымен қатар түнгі уақытта Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Мадждаль-Зун елді мекенінде ауқымды жарылыстар жасаған.
Израильдің Ливанға шабуылы және атысты тоқтату үдерісі
Израиль әскері 2 наурызда Ливан аумағына жаппай әуе шабуылдарын бастап, елдің оңтүстігіндегі ондаған елді мекенді басып алған.
Ливан үкіметінің мәліметінше, шабуылдар салдарынан ел ішінде қоныс аударғандар саны 1 миллионнан асты.
Ливан мен Израиль арасындағы атысты тоқтату туралы келісім 17 сәуірде күшіне еніп, кейін бірнеше рет ұзартылды.
Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, 2 наурыздан бері Израильдің елге жасаған шабуылдарынан кемінде 4 386 адам қаза тапқан.
26 маусымда Вашингтонда Израиль мен Ливан арасындағы тікелей келіссөздердің бесінші раунды аяқталғаннан кейін тараптар негіздемелік келісімге қол қойған.
Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясы Йеменге бір тәулікте 35 рет әуе соққысын жасағаны хабарланған.