Израиль Әскери-әуе күштері Мысыр мен Газа секторының арасындағы шекаралас ауданға екі соққы жасады

None
ТЕЛЬ-АВИВ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Израильдің Әскери-әуе күштері Мысыр мен Газа секторының арасындағы шекарадағы жерасты тоннельдеріне екі рет соққы берді,
деп хабарлады ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Бірнеше күннен бері Мысырмен арадағы өткізу бекеттерін қаумалап тұрған бірнеше жүздеген палестиналық босқын Израиль авиациясының соққысына ұшырады. Израиль әскерилері, «жерасты тоннельдері арқылы Мысырдан Газа секторына контрабанда өткізілуде, ең алдымен қару-жарақ тасымалдануда», деген мәлімдеме жасады.