Израиль Әскери-теңіз күштері Газа секторына гуманитарлық жүк жеткізбек болған тағы бір кемені басып алды - «Рейтер» агенттігі

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат - Израиль Әскери-теңіз күштері сенбі күні Газа секторының жағалауына бет алған тағы бір кемені басып алды, деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі құқық қорғаушыларға сілтеме жасап.

Израиль әскерилері кеме бортына Жерорта теңізінде, жағалаудан шамамен 55 шақырымдай жерде мінген. Оқиға барысында қарудың қолданған-қолданбағаны әзірге белгісіз.

Бұл кеме дүйсенбіге қараған түні Израиль әскерилері басып алған «Бостандық флотилиясынан» қалып қойған кеме болып шықты. Ал дүйсенбі күні Газа секторына гуманитарлық жүк апара жатқан флотилияға Израиль тарапынан жасалған шабуылдың салдарынан Түрияның 9 адамы қаза болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.