Израиль әскерлері Газа секторында, Ливан және Сирияда қалады

Фото: Фото: Anadolu Ajansı

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрі Исраэль Кац Израиль армиясы Газа секторы, Ливан және Сирияда құрған қауіпсіздік аймақтарында қалатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform Euronews арнасына сілтеме жасап.

Әскерилердің мақсаты – радикалдардың бұдан әрі шабуылдарының алдын алу. 

– Бұған дейінгі операциялардан айырмашылығы, Израиль қорғаныс күштері басып алынған және тазартылған аумақтарды тастап кетіп жатқан жоқ, - деп түсіндірді Израиль Катц. 

Мәлімдеме бітімгерлердің Израиль мен ХАМАС-тың атысты тоқтату режимін қалпына келтіруге күш салып жатқан тұста жасалды. Ол қаңтардан наурызға дейін жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ХАМАС Израиль түрмелеріндегі 2 мыңға жуық палестиналықты босату үшін 30-дан астам израильдік кепілге қайтарылды. 

Атысты тоқтату келісімі бұзылғаннан кейін Израиль әскерлері Газаның жартысынан астамын қайтадан басып алды. Сондай-ақ израильдіктер былтыр Хезболламен бітімге келгеніне қарамастан, Ливанның кейбір бөліктерінен әскерлерін шығарудан бас тартты. Олар сондай-ақ президент Башар Асад биліктен құлатылғаннан кейін басып алынған Сирияның оңтүстігінде буферлік аймақты ұстайды. 

Газа, Сирия және Ливанда Израиль әскерлерінің болуы халықаралық құқыққа қайшы келетін оккупация ретінде қарастырылады. Израиль 2023 жылдың 7 қазанындағы лаңкестік әрекеттің қайталануын болдырмау ниетімен ол жерде әскери қатысуын сақтау қажеттілігін ақтайды. Содан ХАМАС 1 200 адамды өлтіріп, 251-ін тұтқынға алды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Израиль билігі тұтқындарды қайтару үшін қарқынды келіссөздер жүргізіп жатқанын жазған едік.