Израиль әуе қорғаныс күштері Дамаскке шабуыл жасады

АММАН. ҚазАқпарат - Израиль әскери авивациясының Сирия астанасының маңындағы бірнеше нысанға жасаған әуе соққысынан екі сарбаз жарақат алып, бірнеше нысан зақымдалды, деп хабарлайжы ҚазАқпарат тілшісі SANA сириялық агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясы

Әскери дереккөздердің мәліметінше, Израиль бейсенбі түн ортасынан кейін Голан биіктігінен Дамаск маңайына қарай бірнеше зымыран ұшырып, екі сарбазды жарақаттаған және «біршама материалдық залал келтірген».

Сондай-ақ, Сирия әуе қорғаныс күші зымыранның бір бөлігін құлатқан.

«01:20-де (Астана уақытымен 04:20) израильдік қарсыластары Голан биіктігі тарапынан әуе агрессиясын жасап, Дамаск маңындағы бірнеше позицияны зақымдады», - деді кейіннен Сирия қорғаныс министрлігі.

Сирия адам құқығы жөніндегі обсерваториясының мәліметінше, бұл - 2023 жыл басталғалы Израиль ӘҚК-ның Сирия аумағына жасаған жетінші шабуылы.

Әуе шабуылынан кейін Кафарсуса ауданы мен аль-Мидан ауданында қатты жарылыстың даусы естілген.