Израиль әуе күштері Дамаск маңындағы елді мекендерге соққы берді

Фото: Report

АСТАНА.KAZINFORM — Израиль әуе күштерінің ұшқышсыз ұшағы Дамаск маңындағы нысандарға соққы жасады, деп хабарлайды Report.

Соққылар қаланың оңтүстік-батысындағы Масакин әл-Сабура төңірегінде орналасқан әскери нысандарға бағытталған.

Шабуылдың салдары туралы ақпарат берілмеді.

Айта кетейік, Новороссийскіде ұшқышсыз ұшақ шабуылынан Каспий құбыры консорциумының екі қызметкері жараланған болатын.