АСТАНА.KAZINFORM — Израиль әуе күштерінің ұшқышсыз ұшағы Дамаск маңындағы нысандарға соққы жасады, деп хабарлайды Report .
Соққылар қаланың оңтүстік-батысындағы Масакин әл-Сабура төңірегінде орналасқан әскери нысандарға бағытталған.
Шабуылдың салдары туралы ақпарат берілмеді.
Айта кетейік, Новороссийскіде ұшқышсыз ұшақ шабуылынан Каспий құбыры консорциумының екі қызметкері жараланған болатын.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.