Израиль Бейрутке тағы да соққы жасады

Фото: Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM - Сенбіге қараған түні Ливан астанасы Бейрут тағы да Израиль әуе күштерінің соққысына ұшырады. Бұл туралы Euronews жазды.

Бұған дейін Израиль әскерилері Ливан астанасы Дахиенің оңтүстік ауданында Хезболла нысанасы болып табылатын ғимараттардың жанында орналасқан тұрғындарды дереу эвакуациялау туралы бірнеше рет ескерту жасаған.

Сонымен бірге «Хезболла» Ливанмен шекаралас аймақта содырлары мен Израиль әскері арасындағы қақтығыс жалғасып жатқанын айтты.

«Израильдің жау әскерлері Одайссе муниципалитетіне қарай әрекетін қайта бастады. «Хезболла» жауынгерлері бұл әрекетке тойтарыс берді, қақтығыстар жалғасып жатыр», - делінген лаңкестік топтың коммюникесінде.

Хизболла сонымен қатар Ливанның оңтүстігіндегі Ярун аймағындағы Израиль әскерлеріне «зымыранмен» және шекараның екі нүктесінде «сарбаздардың шоғырланған жеріне» соққы бергенін айтты.

ЦАХАЛ мәліметінше, жұма күні Ливаннан Израиль аумағына 200-ден астам зымыран ұшырылды. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Сонымен қатар, Reuters агенттігі ливандық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, ХАМАС-тың қарулы қанаты «Аль-Кассам» бригадасының жетекшісі Саид Аталланың Израиль шабуылынан Триполиде қаза тапқанын хабарлады. Ол палестиналық босқындар лагеріне жасалған соққы кезінде отбасының үш мүшесімен бірге қаза тапқан.

Израиль бұған дейін Бейрут орталығына соққы жасаған болатын.

Еске салайық, Иран Израильге зымыран ұшырды. Йемен де Палестина мен Ливанды қолдап, Тель-Авивтегі Израильдің әскери нысанасына шабуыл жасау үшін Яфа ұшқышсыз ұшағын пайдаланды.

Израиль өз кезегінде Ираннан кек алуға уәде берді.