Израиль бір түннің ішінде Газа Секторына 130 әуе соққысын жасады

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Израильдік авиация 16 қарашаға қараған түні Газа Секторының аумағы бойынша кем дегенде 130 соққы жасады. Бұл туралы Израильдің Қорғаныс әскері хабарлайды.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, жауап ретінде Палестина Израильге қарсы 11 зымыран ұшырды. Шабуылдың салдарынан екі жақтан 20-дан астам адам қаза болды. Соның ішінде 18 палестин азаматы (қаза болғандардың ішінде балалар бар) және 3 израильдік бар.  Израильдің Қорғаныс министрі Эхуд Барак әскери қызметке резервте тұрған 30 мың адамды тартуды бұйырды.