Комиссияны Израиль Жоғарғы сотының бұрығы судьясы Яаков Тиркель басқарады. Оған тергеу барысында бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Дэвид Тримбл мен Канаданың әскери әділет басқармасының бұрынғы бастығы Кен Уоткин көмек беретін болады. Комиссия құру туралы соңғы шешім бүгін қабылданбақ.
Әлемдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, құқық қорғаушылар мінген және гуманитарлық жүк тиелген кемелер ХАМАС қозғалысы билікке келгелі бері Израиль әскерилері қоршауға алған Газа секторына өтпек болған. Мамырдың 31-іне қараған түні Израиль арнаулы жасағы кемелерге шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан ондаған адам қаза болған.