Израиль даулы жерге 797 үй салмақ

None
АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Израиль еврейлерге арнап, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы даулы аумақта арабтардың қарсылығына қарамастан 800-ге жуық үй салмақ.

 Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлайды.

Бұл жөніндегі жоспар бейсенбі күні жарияланды. Ол бойынша жаңа қоныстың құрылысы Израиль армиясы 1967 жылы басып алған Гило ауданында, яғни Шығыс Иерусалим мен жағалаудың ортасында жүргізіледі.

Дегенмен, ресми Тель-Авивтің сәулет жобасы әлем елдерінің үлкен сынына ұшырауы мүмкін. Бұған дейін, тіпті Америка Құрама Штаттары да Израильді құрылыстан бас тартуға шақырғаны белгілі. Өйткені Таяу Шығыста бейбіт келіссөздерді қайта жалғастыруға дәл осы жер дауы үлкен кедергі болып келеді.