Оқиға наразылыққа шыққан адамдар жауып қалған тасжолда болған. Оқиға кадрлары әлеуметтік желілерге жарияланды.
Полицияның сөзінше, көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Автокөлікке оқиғадан кейін бірден іздеу жарияланды. Кейінірек полиция жүргізушіні ұстады.
Израильде алтыншы ай қатарынан жаппай қарсылық шаралары болып жатқанын еске сала кетейік. Наразы топ премьер-министр Биньямин Нетаньяху бастаған елдің Жоғарғы сотының өкілетін шектеу туралы заң жобасына қарсы шығып жатыр.